БҰҰ мәліметінше, әлем бойынша ет пен құс етінің бағасы былтырдан бері 22,1% қымбаттаған.
Қазақстандағы баға биыл қазанда былтырғы қазан айымен салыстырғанда 10,7% өскені байқалады.
Өңірлер бойынша Қостанай облысында ең аз 4,1% қымбаттаса, ең көп Түркістан облысында 18,4% қымбаттады. Сонымен қатар Маңғыстау облысы (16,6%) мен Шымкентте де (16,4%) айтарлықтай көтерілді.
Ең көп қымбаттаған ет түрі қой еті мен құс еті 15,7% өсті. Жылқы еті 11,2%, шошқа еті 8,7%, сиыр еті 8,6% қымбаттады.
Бағасы ең қымбат ет, әдеттегідей, жылқы еті, келісі орташа есепен 2557 теңге. Артынша қой еті (2399 теңге) мен сиыр еті (2234 теңге).
Шошқа еті 1808 теңге болса, құс еті 1047 теңге.
Баға өскенімен, өндірістің де көбейгені байқалады. Бір жылда ет пен құс еті өндірісі 6,4% көбейіп, қаңтар-қыркүйек аралығында 250,7 мың тоннаға жетті.