Әлемнің 109 елінен 3 534 компания басшыларының қатысуымен жасалған сауалнама нәтижесіне сүйенсек, алдағы бір жыл бойы әлем экономикасы өз өзіне келе алмақ емес.
Жас Президенттер Ұйымы (YPO) жасаған сауалнамаға сүйенсек, сауалнамаға қатысқан бизнесмендердің 60%-ға жуығы бұл дағдарыстың әсері ұзаққа созылатынын болжайды. ал 22%-ы дағдарыстың қос бірдей түбі болатынын айтады. Яғни, нарық дағдарыстан шығып келе жатып, артынша қайта құламақ. Тек 11%-ы ғана дағдарыстан аман өтетініне сенімді.
Бизнес көшбасшыларының 40%-ы дағдарыстың ауыр соққы болғанын қазірден айтып отыр. Көпшілік компаниялар қандай жағдайда да нарықтағы орнын сақтап қала алмайды.
Қазіргі пандемияны сарапшылар 1930 жылдардағы АҚШ-тағы ұлы тоқыраумен салыстыруда.
Салалар бойынша жекелей айтқанда, мейрамханалардың 41%-ы, әуе тасымалының 30%-ы, бөлшек сауданың 19%-ы дағдарысқа төтеп беруге дайын емес екенін айтты. .
Есесіне, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларының кейбірі табысын арттыруы мүмкін екенін болжады.
Жалпы, сауалнамаға қатысушылардың үштен екісі алдағы бір жылда кәсіптерінің оңалмайтынын алға тартты.