Жарты жылда интернет-алаяқтар қазақстандықтардың 25 млрд теңгесін ұрлаған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай айтты.
«Соңғы алты ай ішінде интернет-алаяқтық бойынша 11 601 жағдай тіркелген. Ал онлайн тауар үшін алдын-ала төлем алу бойынша 33 667 алаяқтық жағдай тіркеліп отыр. Жалпы, интернет алаяқтық бойынша шығын көлемі 25 млрд теңгеден асады», – деді ІІМ өкілі.
Бұл ақшаның тек 895 млн теңгесі ғана қайтарылған. Яғни бұл қолды болған қаражаттың тек 3,8%-ы ғана.