Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен «Банк ЦентрКредит» АҚ (+12,3%), «Kaspi.kz» АҚ (+4,7%) және «Қазатампром» ҰАК» АҚ (+2,4%) KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы мамырда 1,4%-ға немесе 424,4 млн теңгеге (2024 жылдың басынан бастап 15,6%-ға өсу) азайып, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 30,9 трлн теңгені құрады.

2024 жылғы мамыр айында акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ForteBank» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Эйр Астана» АҚ  акцияларымен сауда-саттық көлемінің азаюы есебінен бір айда 47,6%-ға немесе 10,2 млрд теңгеге азайып, 11,3 млрд теңгені құрады.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 түрлі акциялары болды.

2024 жылғы мамырда KASE индексі 0,5%-ға 5 038,6 тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 20,3%-ға өсті).

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 46 түрлі акция, 55 шетелдік эмитенттің 12 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда 37,5%-ға немесе 0,8 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы мамырда 1,4 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2024 жылғы мамырда 13,8 трлн теңгеге дейін 1,9%-ға немесе 257,9 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 2,4%-ға өсу).

2024 жылғы мамырда KASE корпоративтік облигацияларымен сауда-саттық көлемі бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен өткен аймен салыстырғанда 4,5 есе немесе 387,6 млрд теңгеге 499,4 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 116 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 431 шығарылымы болды.

2024 жылғы мамырда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 461,3 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы сәуірдегі көрсеткіштен 9,4 есеге немесе 412,2 млрд теңгеге көп. Өсу негізінен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің корпоративтік облигацияларды шығаруымен байланысты.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы мамырда  0,8%-ға немесе 24,7 трлн теңгеге дейін 201,4 млрд теңгеге азайды (2024 жылдың басынан бастап 3,5%-ға өсті).

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 694,4 млрд теңгені құрап, бір айда 12,1%-ға немесе 95,2 млрд теңгеге азайды. 

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 29,5%-ға немесе 182,0 млрд теңгеге 434,1 млрд теңгеге дейін азайды. Оның ішінде 33,3 млрд теңгені Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының және Астана қ. әкімдіктері (мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында) тартты. Қаржы нарығы 14 облигациялар шығарылымын орналастырып, өтеуге табыстылығы жылдық 11,70 – 12,94%-ды құрайтын  400,8 млрд теңгені тартты.