25 маусымда Қазақстан қор биржасында 14 облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері 200,0 млрд теңге қаржы тартты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
25 маусымда Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 13 облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының атқарушы органдарының облигациялары орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілді.
Сауда-саттықтарда эмитенттер номиналы 1 000 теңге, өтеуге дейін мерзімі 119 ай (3 570 күн) облигацияларының шығарылымдарын орналастыруды жоспарлаған. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтардың нәтижелері бойынша облигациялардың мына шығарылымдары орналастырылды:
1) Павлодар облысы 7,6 млрд теңге;
2) Атырау облысы 4,1 млрд теңге;
3) Қостанай облысы 14,2 млрд теңге;
4) Түркістан облысы 29,2 млрд теңге;
5) Нұр-Сұлтан қаласы 13,4 млрд теңге;
6) Қызылорда облысы 8,1 млрд теңге;
7) Алматы қаласы 8,0 млрд теңге;
8) Алматы облысы 16,1 млрд теңге;
9) Батыс Қазақстан облысы 5,9 млрд теңге;
10) Қарағанды облысы 14,5 млрд теңге;
11) Ақтөбе облысы 11,4 млрд теңге;
12) Маңғыстау облысы 6,3 млрд теңге;
13) Солтүстік Қазақстан облысы 6,6 млрд теңге;
14) Ақмола облысы 8,1 млрд теңге;
15) Шығыс Қазақстан облысы 24,7 млрд теңге;
16) Жамбыл облысы 9,5 млрд теңге;
17) Шымкент қаласы 12,3 млрд теңге теңге қарыз алды.
Аталмыш облигациялар " 2020–2021 жұмыспен қамту Жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қарастырылған іс- шараны қаржыландыру мақсатында шығарылды.