Ресейлік газ алыбы Газпром Астана халықаралық қаржы орталығының (AХҚО) бірінші инстанция сотында Нафтогаз Украины компаниясының 1,3 млрд доллардан асатын талабына қатысты істе жеңілді. 

АХҚО сотының судьясы Эндрю Спинк КС 2025 жылғы 16 маусымда ICC халықаралық арбитраждық соты (Швейцария) шығарған шешімді тану туралы бұйрық шығарған.

Сот шешіміне сәйкес, Газпром Нафтогаз Украины компаниясына 1,134 млрд доллар негізгі сомадан бөлек пайыздар мен арбитраж шығынын қосқанда 1,3 млрд доллардан артық қаражат төлеуге міндеттеді.

Газпромға бұл бұйрықты жою туралы өтініш беру үшін 14 күн уақыт берілген. Егер шағым берілмесе, Қазақстандағы компанияның банктік шоттары мен активтеріне тыйым салынуы мүмкін.

Украина тарапының мәліметінше, 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Газпром Еуропаға Украина арқылы газ транзиті үшін төлемді толық көлемде төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін 2022 жылдың қыркүйегінде Нафтогаз Украины ICC регламенті бойынша Швейцарияда арбитраж бастады.

2025 жылғы маусымда арбитраж трибуналы Газпромды толық жауапты деп танып, қарызды, пайыздарды және арбитраж шығындарын төлеуге міндеттеді. 2026 жылғы қаңтарда Швейцарияның Федералдық трибуналы компанияның апелляциясын түпкілікті түрде қабылдамай тастады.

Қазір Нафтогаз Украины Газпромның активтерін түрлі елдерде өндіріп алу жұмыстарын жалғастырып жатыр.