AIFC Business Connect Ltd. бұдан былай АХҚО мүшесі болып табылмайтын (Recognized Non-AIFC Member) аккредиттелген компания атағын АХҚО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету порталы арқылы алуға болатындығын хабарлайды.

Порталды қолданып бастау үшін келесі 4 қадамды орындау қажет:

1) Жоғарыда көрсетілген сілтемені басу арқылы порталды ашыңыз;

2) Жарамды электрондық пошта мекенжайын пайдаланып порталға тіркеліңіз, содан кейін көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жіберілген сілтемені басу арқылы өз есептік жазбаңызды растаңыз;

3) Порталға кіріп, «Жаңа өтінім/ New application » батырмасын басыңыз;

4) Мәзірден «Авторизация» тармағын таңдап, оның ішінде «Recognition Non-AIFC  Member (RNAM) application» батырмасын басыңыз.

Өтінім толтырылғаннан кейін (барлық бөлімдер жасыл түске боялады), сіз оны АХҚО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету порталы арқылы АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу комитетіне (AFSA) жібере аласыз. Өтінім беру үшін сізге банктік оператордың қызметтерін пайдаланып оффлайн төлем жасау керек және төлем туралы растаманы жүктеу қажет.

АХҚО-ға мүше емес аккредиттелген компания ретінде тіркелу үшін төлем 2000 АҚШ долларын құрайды.

Өтінімді сәтті өңдеу AFSA сізге заңды тұлғаны АХҚО-ның мүшесі емес аккредиттелген компания деп жариялау туралы жарлық шығаруға әкеледі. Осы жарлық шығармас бұрын AFSA өтініш берушінің АХҚО-ның қаржылық қызмет көрсету ережелерінің 91 бөлімінде тану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуі керек.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, бізге электронды пошта арқылы хабарласыңыз:  authorization@afsa.kz.

АХҚО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету порталына қатысты техникалық сұрақтар бойынша бізбен электрондық пошта арқылы байланысыңыз: digital@aifc.kz немесе АХҚО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету порталының онлайн-чатына хабарлама жіберіңіз.