«Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі, ETS тауар биржасы мен биржаның негізгі акционері «Stock Holding» компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге келді, деп хабарлайды АХҚО баспасөз қызметі.
Тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында тауар биржасы нарығын бірлесе құру мен дамыту қажеттілігіне байланысты Меморандумға қол қойды.
АХҚО базасындағы осы жұмыс аясында жұмыс тобы құрылып, оған тараптар өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар енді.
Белгілі бір тауарды тауар биржасы нарығына шығарудың дұрыстығы, талдау жұмыстары, Меморандум бойынша консультация, биржалық тауар мен тауар биржасына байланысты қазіргі қазақстандық заңнаманы бағалау – осы және өзге де сұрақтар жұмыс тобы отырыстарында талқыланбақ.
Тауар биржасы нарығы АХҚО базасында қазақстандық экспорттаушыларды қолдау мен Қазақстанның тауар биржасына шетелдік сатып алушыларды тарту мақсатында тасымалдың экспортқа бағытталған биржалық тауарларды саудалауға бойынша заңнамалық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды дайындау және талқылау арқылы жасалады.
Тауар нарығы қатысушылары үшін оқыту семинарларын өткізуге қажетті инфрақұрылым құру және оқу мақсатында тестілік сауда өткізу жоспарланған.
Құжат аясындағы тиімді ынтымақтастық мақсатында даму институттарын сарапшы ретінде тартылады.