2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан қор биржасында  акциялар нарығындағы сауда-саттықтың көлемі 83,9 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,3 % өсті.

Корпоративтік облиагация сауда-саттығының көлемі 1 176,0 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4 % төмендеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) сауда- саттығының көлемі 4 523,1 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,8 % өсті.

Сонымен қатар инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен сауда-саттық көлемі 6,6 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 79,7 %-ға төмендеді.