Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2023 жылдың үш айында 71,5 трлн теңгені құрады және 2022 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты 18,4% немесе 11,1 трлн теңгеге өсті. KASE Индексінің мәні 3,1%, 3 351,23 тармаққа дейін өсті.
- Акциялар нарығын капиталдандыру 1,9%, 21,6 трлн теңгеге дейін өсті. Акция саудасы 47,1 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе өскен. Бірақ 2022 жылдың қазан-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 90,4% төмендеген.
- Корпоративтік борыш көлемі 8,0%, 13,3 трлн теңгеге дейін төмендеді. Сауда көлемі 466,28 млн теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе өсті.
- МБҚ саудасы 985,5 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 73,2% өсті. Бірақ 2022 жылдың қазан-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда көлемі 10,1 %-ға төмендеді.
- Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен
сауда-саттық көлемі 1,4 млрд теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда
63,6% төмендеді. Ал 2022 жылдың қазан-желтоқсан айларымен салыстырғанда сауда-саттық
көлемі 36,8% төмендеді.