AIX биржасында қазақстандық банктердің ETN ноталары шықты

Ноталарда активі «Банк ЦентрКредит» АҚ (CCBN), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (HSBK) және «Kaspi Bank» АҚ (KSPI.S) акциялары бар.

Astana International Exchange («AIX») жергілікті банктер акцияларының көрсеткіштерімен байланысты жаңа биржалық ноталардың листингі - Kaz Financials Exchange Traded Notes шыққанын хабарлайды.

Ноталарды Арнайы мақсаттағы компания (SPC) – «Kaz Financials SPC Limited» шығарды. Ноталарда активі «Банк ЦентрКредит» АҚ (CCBN), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (HSBK) және «Kaspi Bank» АҚ (KSPI.S) акциялары бар.

Портфельдің құрылымы инвестициялау мәселелері бойынша SPC кеңесшісі ретінде әрекет ететін «BCC Invest» компаниясының ұсынымдарын ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

Сонымен қатар, «BCC Invest» АҚ AIX-те ноталардың маркет-мейкері функцияларын орындайды. 

«Инвесторлар мүддесінде түрлі биржалық инвестициялық өнімдерді құрылымдау Қазақстан аумағындағы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін маңызды тренд болып табылады және AIX биржасы осы процестің негізгі тұғырнамасына айналуға қуанышты», дейді AIX Бас директоры Ренат Бектұров.  

««BCC Invest» АҚ Қазақстан Республикасындағы жетекші инвестициялық компаниялардың бірі бола отырып, инвесторларға еліміздегі капитал нарығын дамытудың әрбір кезеңінде капитал салу үшін түрлі мүмкіндіктер ұсынуға дайын», дейді «BCC Invest» АҚ Бас директорының орынбасары Әлібек Оразақов.