Freedom Finance Global PLC Astana International Exchange (AIX) биржасында CITIX Ltd компаниясының екіжылдық АҚШ долларлық облигацияларын орналастырды. Олар AIX ресми тізіміне CITIX.0625 сауда кодымен енгізілген. Шығарылымның жалпы көлемі 10 млн АҚШ долларын құрайды, купондық сыйақы мөлшерлемесі тоқсан сайынғы төлем мерзімділігімен - жылдық 10,5%.
CITIX Ltd инновациялық технологиялары және Түркиядағы қатысуы бар қазақстандық цифрлық сыртқы жарнама нарығының көшбасшысы болып табылады. Компания блокчейн технологиясын және бірегей патенттелген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, электрондық смартбордтағы жарнаманы орналастырады. Облигациялар шығарылымының барлығы дерлік (99,1%) тағы бір мәрте перспективалы жергілікті эмитенттердің шетел валютасындағы жоғары табысты облигацияларға үлкен қызығушылық танытқан Freedom Broker бөлшек сауда клиенттерінің арасында толық орналастырылғанын атап өткен жөн.
Облигацияларды орналастырудан тартылған ақша қаражатын CITIX Ltd. Түркия мен БАӘ-дегі бизнесті кеңейтуге бағыттайды.
«CITIX Ltd. бүгінгі таңда Қазақстанның жарнама нарығындағы ең жылдам дамып келе жатқан ойыншылардың бірі болып табылады. Алдыңғы қатарлы блокчейн-технологиялардың базасында инновациялылықтың жоғары деңгейі өсу жылдамдығы мен компания жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Компания облигацияларды шығару параметрлерін анықтауға жауапкершілікпен келді. Түсім мен операциялық пайданың тұрақты өсу динамикасы, шетелдің бизнесті кеңейту жөніндегі өршіл жоспарлары және қорландырудың сенімді құрылымы CITIX Ltd. компаниясының барлық ағымдағы және болашақ қаржылық міндеттемелерге қызмет көрсету қабілетін растайды. Технологиялық стартаптың AIX-ке шығуы - біздің қор нарығымыздың дамуының жарқын мысалы. Осындай орналастырудың арқасында қаржы құралдарының әртүрлілігі байқалады және әлеуетті эмитенттердің бағалы қағаздар нарығына қызығушылығы артады. Оның үстіне орналастыру қорытындысы бойынша отандық компанияларды қолдауға дайын Freedom Broker клиенттері тарапынан сұраныстың жоғары екенін атап өтпекпіз. Жоғары табыс табу мүмкіндігіне қоса инвестициялау оларға AdTech және Smart City салаларының түйіскен жерінде кешенді зияткерлік шешімдерді әзірлеушінің экспоненциалдық өсуі барысында байқалып отырған үлкен оқиғалардың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді», дейді Freedom Finance Global PLC директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов.
CITIX Ltd. облигацияларын сатып алған Freedom Broker бөлшек инвесторларының портреті.
- Ерлер - 65%, әйелдер - 35%.
- Инвесторлардың жасы: 25–34 – 9%, 35–54 – 61%, 55+ – 30%.
«Бүгінгі таңдағы CITIX жаһандық мақсаты - Қазақстанда негізделген және дамып келе жатқан және біздің өнімдер мен технологияларымызды әлемге экспорттайтын халықаралық компания болу. Облигацияларды орналастыру және инвесторлар тарапынан сенім біздің мақсатымызға қол жеткізе алатынымызды көрсетті. Біз командамыздың және оның өнім мен компанияға деген сенімінің арқасында мүмкін болған үлкен тарихтың кезекті тарауына куә болдық. Тартылған қаражат Түркиядағы позицияларды нығайтуға және БАӘ-ні іске қосуға жұмсалмақ», дейді СITIX Ltd. Бас атқарушы директоры Яна Шойбекова.