Air Astana компаниясының 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы таза пайдасы8 былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 80% азайды.
Компанияның бірінші тоқсандағықаржылық нәтижелері мынадай:
- Табыс 10,6% ұлғайып, 263,9 млрд теңге болды.
- Операциялық шығын 16,6% көбейіп, 248,8 млрд теңгеге жетті.
- Операциялық пайда 40% төмендеп, 15 млрд теңге болды.
- Таза пайда 80% азайып, 2,1 млрд теңге ғана болды.
- Акция басына негізгі пайда: 6,3 теңге.
Айта кетейік, Air Astana биыл жыл басында акциясын IPO-да 1073,83 теңгеге сатқан, бүгінге дейін оның құны төмендеп отырып, 829 теңгеге бір-ақ түсті.
Бұған дейін, сарапшылар компания акциясы 35%-ға жуық өсетінін болжаған.