Air Astana  бір жай акцияға 53,7 теңге, жалпы сомасы 19,1 млрд теңге дивиденд төлейтін болды. Бұл 2024 жылғы таза пайданың 74,84%-ы.

Акционерлер тізілімін тіркеу күні 24 маусым, төлемдер 25 маусымда басталады.

Бұл авиакомпания тарихындағы алғашқы дивиденд төлемі болады. Наурызда компания директорлар кеңесі бір акцияға 17,7 теңге (барлығы 6,3 млрд теңге) және бір акцияға 36 теңге (12,8 млрд теңге) жалпы сомасы 19,1 млрд теңге арнайы дивиденд төлеу ұсынған.

Естеріңізге сала кетейік, Air Astana 2024 жылдың ақпанында 1073,83 теңгемен IPO-ға шыққан. Содан кейін акция тұрақты құлдырап, бүгін 748 теңге шамасында саудалануда.