FTSE Russell Astana International Exchange («AIX-ті», «Биржаны») FTSE Frontier индекстер сериясының Негізгі Қағидаларына сәйкес келетін сауда алаңы ретінде мойындады. FTSE Russell индекстері инвестициялық нарықтың 98%-ын қамтиды және бүкіл әлем бойынша жергілікті индикаторлар әзірлеу кезінде алынатын сараптамалық деректерді ұсына отырып, әлемдік нарықтардағы нақты ахуалды көрсетеді. FTSE Russell Index сараптамасы мен өнімдерін индекстерге қатысты бүкіл әлемде институциялық және бөлшек сауда инвесторлары кеңінен қолданады.

АІХ-те листингтелген бағалы қағаздар 2020 жылғы қыркүйекте FTSE Frontier Index Series сериясының жыл сайынғы шолуы кезінде индекске енгізу ықтималдылығы үшін бағаланатын болады.

«Біз АІХ-тің FTSE Russell талаптарына сәйкес келетін сауда алаңы ретінде мойындалғанын қуана хабарлаймыз. Бұл соңғы екі жыл ішінде әлемдік кластағы сауда алаңын құру үшін АІХ командасы жұмсаған күш-жігерінің жоғары бағалануы», - деді AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт.

«Бұл AIX және AIFC үшін маңызды кезең, ол Қазақстанның инвестициялық позициясының нығайғандығын көрсетеді. AIX және AIFC-тің бірлескен жұмысының нәтижесінде биржаның сәйкестік мәртебесін алғандығына AIFC Business Connect қуанышты. АІХ-тің FTSE Frontier индексіне енгізілуі АІХ-ке сауда алаңы ретінде сенудің және Қазақстан капитал нарығының одан әрі дамуының куәсі», - деді AIFC Business Connect төрағасы Джеймс Мартин.

«АІХ-тің салған күштерін FTSE Russell жоғары бағалайды. FTSE Russell параметрлеріне сәйкестік бойынша талаптарды орындаудың нәтижесінде АІХ енді Қазақстанды білдіретін сауда алаңы ретінде мойындалып отыр. FTSE Frontier Index Series сериясының 2020 жылғы қыркүйектегі жыл сайынғы шолуымен бір мезгілде АІХ биржалардың ресми тізімінде пайда болады», - деп түсіндірді FTSE Russell басқару және саясат жөніндегі басқарушы директоры.

АІХ-ті сәйкес сауда алаңы ретінде мойындау биржаның инфрақұрылымы мен өтімділік пулы енді Қазақстанның FTSE Frontier Indeх-тегі рейтингі үшін индикаторлардың бірі ретінде қаралатынын білдіреді. АІХ-ті FTSE Frontier Index тізіміне қосу сонымен қатар елдің Қазақстанды қайтамала дамушы нарықтардың (Secondary Emerging Market) тізіміне енгізу бойынша орташа мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін болады. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша FTSE Emerging Indexes нарығы 200 млрд доллар шамасын құрайды.
Қазақстанның FTSE Emerging Indexes-тегі үлесі 2020 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша 1,79% құрайды.

AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істей отырып, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыруды тартуы үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX "Белдеу және жол" бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

2020 жылғы қаңтардан бастап «AIFC Business Connect» инвесторлар мен халықаралық коммерциялық қоғамдастық үшін Қазақстандағы мүмкіндіктерге қол жеткізуге және оларға АХҚО алаңы арқылы осы мүмкіндіктерге инвестициялауға қажет құрылымдалған ақпарат ұсынып, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.