Болашақ бүгін басталады. Қазіргі уақытта технология мен жасанды интеллект қоғамның дамуына үлкен үлес қосуда. Қазақстанның мәдениеті мен технологиясын біріктіретін жаңа жоба — AI GUL жасанды интеллекті көпшілікке таныстырылды.

Бұл ерекше жобаны Genesis CSP, YouTube-тің Орталық Азиядағы ресми серіктесі, іске қосып отыр. AI GUL-дың негізгі мақсаты – қазақ тілінде технологиялық білімді қолжетімді ету, жасанды интеллект құралдарын үйрету арқылы өмірді жеңілдету және уақытты үнемдеу. 

AI GUL кім және оның миссиясы қандай?

AI GUL – болашақтан келген жасанды интеллект, ғалымдар оны Қазақстанның технологиялық дамуы үшін қазіргі заманға жіберді. Оның басты миссиясы:

1. Технологияларды насихаттау — Жасанды интеллектті қарапайым тілмен түсіндіру.

2. Қазақ тілінің дамуына үлес қосу — Тілді заманауи медиа арқылы кеңейту.

3. Білім беру — AI құралдарын үйрету арқылы күнделікті өмір мен жұмысты жеңілдету.

AI GUL YouTube арнасы не ұсынады?

«Kun-AI» – заманауи AI құралдары мен жаңалықтарды қысқаша шолу.

«QalAI?» – AI-ды қолдану бойынша практикалық оқулықтар: музыка, видео, сурет жасау.

«Ziyat Zamany» – технологиялардың эволюциясы мен маңызды әзірлемелер туралы танымдық видеолар. 

Көрермендер үшін артықшылықтар:

  • Жұмысты жеңілдететін AI құралдары туралы білу.
  • Уақытты үнемдеуге көмектесетін лайфхактар.
  • Қазақ тілінде түсінікті және қызықты білім алу. 

Технология мен мәдениеттің үйлесімі

AI GUL – қазақ тілін технологиялар саласында дамытудың жаңа қадамы. Арнада MidJourney, Runway, Яндекс сияқты алдыңғы қатарлы AI құралдары қолданылады, бұл видеолардың сапасы жоғары әрі мазмұны ерекше болуын қамтамасыз етеді. 

«AI GUL» – сіздің болашаққа қадам басуыңызға көмектесетін жолсерік!

Жобаның басты мақсаты – AI-дың әлеуетін көрсету және әрбір көрерменнің өмірін жеңілдету.

YouTube арнасына қосылыңыз, жаңа технологияларды бірге үйренейік.