2021 жылғы 3 желтоқсанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасында АХҚО тәуелсіз қаржы реттеушісі, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, сондай-ақ бірқатар халықаралық қаржы ұйымдарының қаржылық реттеушілерінің қатысуымен жоғары деңгейдегі кеңес өтті.
Кеңес осы жылдың 6 тамызында Түркменбашы (Түркіменстан) қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік тобы кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемені жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Бірлескен мәлімдеме қаржы жүйесін бірлесіп дамытудың және аймаққа инвестициялар тартудың маңыздылығын көрсеткен. АХҚО Орталық Азия аймағы елдерін, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен байланыстыратын экономикалық тұғырнама ретінде айқындалған.
Кеңестің мақсаты-қаржылық қадағалау саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту және қор, банк және сақтандыру нарықтарын реттеу саласында өзара тәжірибе алмасу. Іс-шара аймақтағы экономикалық дамуды қолдауда қаржы секторының рөлін арттыруға ықпал ететін болады.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов өзара түсіністік пен аймақтық деңгейдегі реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
«Коронавирустық пандемия мен дағдарыстың әсерін талдау кезінде экономиканы біріктіру және шекарааралық ынтымақтастықтың күшейтілуі қажеттілігін көрдік. Бұл Орталық Азия аймағына да қатысты, өйткені мұндағы экономикалық байланыстарды тереңдету барлық бес елдің дамуына жаңа серпін бере алады. АХҚО алаңы көрші елдер үшін инвестициялар тартуда әлемдік капитал нарықтарына енуге деген мүмкіндік бола алады, елдер жаңа жобаларды іске асыру үшін шетелдік әріптестермен белсенді қызмет атқара алады», - деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов.
«Орталық Азия елдері арасындағы реттеуші ынтымақтастықты дамыту трансшекаралық экономикалық бастамаларды, мысалы, қаржы технологиялары, төлем жүйелері, ислам бағалы қағаздарын шығару, жасыл қаржыландыру және т. б. салалардағы нормативтік талаптардың кейбірінің қысқартуына ықпал етуі мүмкін. Тығыз экономикалық байланыстары және қарқынды дамып келе жатқан нарықтары бар аймақ инвесторларды қызықтыруы мүмкін - деді АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің Бас директоры Мұхтар Бөбеев.