Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді, бұл ретте айтарлықтай өсім Абай облысында (8,7%), Шымкент қаласында (8,4%) және Шығыс Қазақстан облысында (8%) байқалды. Төмендеу Жетісу (6,4%-ға), Павлодар (3,8%-ға), Қызылорда (3,5%-ға) және Қостанай (1,7%-ға) облыстарында тіркелді.
2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 28 085 млрд теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 14 957 млрд теңге (жалпы көлемнен 53,2%), өңдеу өнеркәсібінде – 11 597 млрд теңге (41,3%).
2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда шикі мұнай (100,3%), табиғи газ өндіру (102,2%), сусындар (109,1%), темекі өнімдері (116,7%), химия (110,6%) және металлургия өнеркәсібі (105,3%), резеңке және пластмасса бұйымдары (105,3%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары (103%) өндірісінің өсуі байқалды.