90 күннен артық кешіктірілген несие күрт көбейді

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, төлемдері 90 күннен астам кешіктірілген (NPL90+) проблемалы несиелердің жалпы сомасы 1,58 трлн теңгеден (несие портфелінің 3,63%-ы) 1,85 трлн теңгеге (4,12%) дейін өсті.

Ал бір аптадан бір айға дейін кешіктірілген несиелер 2,4 трлн теңгеден (несие портфелінің 5,52%-ы) 2,88 трлн теңгеге (6,41%) дейін өсті, ал 30 күннен 90 күнге дейін кешіктірілген несиелер 1,99 трлн теңгеден (несие портфелінің 4,58%-ы) 2,35 трлн теңгеге (5,22%) дейін өсті.

Банктерге жекелей тоқталсақ, Halyk Bank проблемалы несиелерінің нақты көлемі бойынша антирейтингте көш бастап тұр. 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін банктің 90 күннен астам кешіктірілген несиесі 635,4 млрд теңгеден асты.

Kaspi Bank кешіктірілген несие көлемі бойынша екінші орында. Қаржы институты үш айдан астам кешіктірілген несиелерін 550,6 млрд теңгеге дейін арттырды.

ForteBank үшінші орында, кешіктірілген несиелер 127,8 млрд теңге.

Одан кейін Alatau City Bank тұр, бұл банкте 86,2 млрд теңге несие төленбей тұр.

Home Credit Bank бесінші орында, 90 күннен астам кешіктірілген несиесі 84,8 млрд теңге.

ЦентрКредит Банкі алтыншы орында, ірі банктер арасында ең төменгі проблемалық несиелердің бірін (NPL90+) сақтап қалды. Оның портфоліндегі NPL90+ несие көлемі 84,6 млрд теңге.

Bereke Bank жетінші орында, NPL90+ несиесі 75 млрд теңге.

Еуразиялық банк проблемалық қарызы 58,5 млрд теңге.

Тоғызыншы орынды Bank RBK алды, ол проблемалық қарыздарды 54,3 млрд теңге.

Freedom Банк проблемалық қарызы 30,9 млрд теңге.

KMF Bank-те NPL90+ көлемі 23,7 млрд теңге.

Altyn Bank-те 11,1 млрд теңге.

Нұрбанкте NPL90+ көлемі 15,6 млрд теңге.

Отбасы банкінде кешіктірілген қарыз 6,1 млрд теңге.

ВТБ Банк Қазақстанда NPL90+ көлемі 3,3 млрд теңге.

Басқа банктердің 90 күннен артық кешіктірілген несие көлемі мынадай: BNK коммерциялық банкі (912,9 млн теңге), ADCB ислам банкі (713,5 млн теңге), Zaman-Bank ислам банкі (647,7 млн теңге), Шинхан Банк Қазақстан (642,6 млн теңге) және Kazakhstan-Ziraat International Bank (1,17 млрд теңге).