Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда (2020 жылғы маусым 2019 жылғы маусымға) 11,1% өсті.
Атап айтқанда, нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант, жаңа жиналған көкөністер арзандады.
2020 жылғы маусымда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 375 теңгені (2019 жылғы маусымда – 242 теңге), күрішке 373 теңгені (350 теңге), сұлы жармасына – 371 теңгені (340 теңге), сөкке 366 теңгені (318 теңге) құрады.
Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы маусымда килограмына 208 теңгені, 2019 жылғы маусымда 240 теңгені құрады.
2020 жылғы маусымда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға килограмына
1900 теңгені (2019 жылғы маусымда – 1636 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1910 теңгені (1583 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 2195 теңгені (1855 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1553 теңгені (1370 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2250 теңгені (2087 теңге), тауықтың сан етіне 839 теңгені (779 теңге) құрады.
2020 жылғы маусымдағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар
килограмм теңгемен
Қазақстан Республикасы бойынша | Баға | Қалада тіркелген | ||||
2019 жылғы маусым | 2020 жылғы маусым | ең төмен | ең жоғары | ең төмен баға | ең жоғары баға | |
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан | 139 | 151 | 132 | 178 | Алматы | Атырау |
Сүзбе | 1 550 | 1 645 | 1 206 | 2 242 | Петропавл | Атырау |
Қаймақ | 1 061 | 1 141 | 832 | 1 401 | Талдықорған | Атырау |
Мәйекті ірімшік | 2 642 | 2 963 | 2 297 | 3 790 | Тараз | Нұр-Сұлтан |
Айран | 287 | 306 | 237 | 370 | Талдықорған | Семей |
Пастерленген сүт | 242 | 263 | 192 | 301 | Тараз | Нұр-Сұлтан |
Тұздалмаған сары май | 2 202 | 2 589 | 2 090 | 4 201 | Павлодар | Ақтау |
Күнбағыс майы, литр | 435 | 437 | 387 | 487 | Қарағанды | Ақтау |
Жұмыртқа, ондық | 243 | 289 | 222 | 373 | Петропавл | Алматы |
Тұз | 52 | 52 | 38 | 57 | Ақтөбе | Қостанай |
Картоп | 111 | 146 | 93 | 205 | Қарағанды | Нұр-Сұлтан |
Ақ қауанды қырыққабат | 96 | 70 | 47 | 121 | Алматы | Ақтау |
Басты пияз | 155 | 110 | 93 | 139 | Қарағанды | Ақтау |
Сәбіз | 148 | 130 | 95 | 172 | Қарағанды | Ақтау |
Алма | 374 | 541 | 415 | 672 | Атырау | Ақтау |
Банан | 540 | 591 | 498 | 692 | Павлодар | Ақтау |