Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда (2020 жылғы маусым 2019 жылғы маусымға) 11,1% өсті.

Атап айтқанда, нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант, жаңа жиналған көкөністер арзандады.

2020 жылғы маусымда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 375 теңгені (2019 жылғы маусымда – 242 теңге), күрішке 373 теңгені (350 теңге), сұлы жармасына – 371 теңгені (340 теңге), сөкке 366 теңгені (318 теңге) құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы маусымда килограмына 208 теңгені, 2019 жылғы маусымда 240 теңгені құрады.

2020 жылғы маусымда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға килограмына
1900 теңгені (2019 жылғы маусымда – 1636 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1910 теңгені (1583 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 2195 теңгені (1855 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1553 теңгені (1370 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2250 теңгені (2087 теңге), тауықтың сан етіне 839 теңгені (779 теңге) құрады.

2020 жылғы маусымдағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар

килограмм теңгемен

 Қазақстан Республикасы бойыншаБағаҚалада тіркелген
2019 жылғы маусым2020 жылғы маусымең төменең жоғарыең төмен бағаең жоғары баға
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан139151132178АлматыАтырау
Сүзбе1 5501 6451 2062 242ПетропавлАтырау
Қаймақ1 0611 1418321 401ТалдықорғанАтырау
Мәйекті ірімшік2 6422 9632 2973 790ТаразНұр-Сұлтан
Айран287306237370ТалдықорғанСемей
Пастерленген сүт242263192301ТаразНұр-Сұлтан
Тұздалмаған сары май2 2022 5892 0904 201ПавлодарАқтау
Күнбағыс майы, литр435437387487ҚарағандыАқтау
Жұмыртқа, ондық243289222373ПетропавлАлматы
Тұз52523857АқтөбеҚостанай
Картоп11114693205ҚарағандыНұр-Сұлтан
Ақ қауанды қырыққабат967047121АлматыАқтау
Басты пияз15511093139ҚарағандыАқтау
Сәбіз14813095172ҚарағандыАқтау
Алма374541415672АтырауАқтау
Банан540591498692ПавлодарАқтау