«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 74 824 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 929,7 млрд теңге несие алуға 74 824 өтінім қабылданды. Оның ішінде 532,1 млрд теңгеге 42 927 несие мақұлданды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл бағдарлама үшін жалпы көлемі 1 трлн теңге қарастырылған еді.