Ұлттық банк жеңілдетілген автокөлік несиесін тоқтатты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2019 жылдың 31 мамырында ашылған бағдарлама бойынша азаматтар отандық көліктерді жеңілдетілген 4 пайыздық несиемен ала алатын.
2019-2020 жылдары бағдарламаға 40 млрд теңге бөлініп, жылына 20 млрд теңге игерілді.
2021 жылдың 27 мамырындағы жағдай бойынша Ұлттық банк жалпы құны 48,8 млрд теңгеге 8 546 несие берген.
"Ұлттық банк басқармасының 2021 жылдың 24 мамырындағы № 56 шешімімен Ұлттық банктің 2019 жылдың 31 мамырындағы "Отандық жеңіл автокөліктердің сатып алушыларын несиелендіру бағдарламасын бекіту туралы" № 79 Қаулысы күшін жойды. Дегенмен, Ұлттық банктің бұрын бөлген 40 млрд теңгесін бұрынғы шарттар бойынша отандық жеңіл автокөлік сатып алушыларды несиелендіру үшін ары қарай пайдалану мүмкіндігі қарастырылды", деп хабарлайды бас банк.