Алдағы уақытта отандық 4%-дық жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы қайта іске қосылады.
Бұл жөнінде индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев "Хабар" арнасындағы ток-шоуда мәлімдеді.
Айтуынша, алдағы уақытта жылдық мөлшерлемесі 4% болатын автонесиелендіру бағдарламасы іске қосылады.
Жаңа көлік алу үшін алғашқы жарна да төлеп қажеті жоқ.