4%-дық жеңілдетілген автонесие қайта ашылады

Алғашқы жарна төлеу қажет емес.

Алдағы уақытта отандық 4%-дық жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы қайта іске қосылады.

Бұл жөнінде индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев "Хабар" арнасындағы ток-шоуда мәлімдеді.

Айтуынша, алдағы уақытта жылдық мөлшерлемесі 4% болатын автонесиелендіру бағдарламасы іске қосылады.

Жаңа көлік алу үшін алғашқы жарна да төлеп қажеті жоқ.