Автонесиеден қайтарылған қаражатқа автобустар сатып алынады. Бірақ олар уақыт өткеннен кейін, қажетті сома жинақталғаннан кейін сатып алынады. Бұл туралы индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Қазір жеңілдетілген автокөліктерді несиелендіруге бөлінген айналымдағы ақшаны автобустарды сатып алуға бағыттайтын процесс әзірленуде. Бірақ бұл процесс ұзаққа созылады, өйткені қажеттілік туындаған кезде өңірлерде максималды көлемді қамтамасыз ету үшін ақша жинаймыз», – деді министр.

Сатып алуды «Индустриялық даму қоры» АҚ жеңіл автокөлік сатып алу үшін берілген несиелерден қайтарылатын ақшаны пайдалана отырып жүргізеді.

«Біздің ұстанымымыз – қоғамдық көлік пен көп адамның игілігі маңыздырақ. Сондықтан біз бұл қаражатты бірінші кезекте қала тұрғындарын, оның ішінде қала маңындағы бағыттарды тиісті сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуге бағыттап жатырмыз», – деді Қанат Шарлапаев.