2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда шаруалар 3,6 млрд жұмыртқа алды. Бұл былтырғы осы уақыттағыдан 9% аз.
Алынған жұмыртқаның 2,3 млрд данасы сауда желілері мен қоғамдық тамақтану орындары арқылы сатылса, 44,5 млн данасы экспортқа кетті, 4,6 млн жұмыртқа өңдеу кәсіпорындарына өткізілді. Өндірістік тұтынуға 94,3 млн дана, азық-түлк мақсатқа 7,6 млн данасы жұмсалды.
Өңірлер бойынша ең жоғарғы өндіріс Ақмола облысына тиесілі. Бұл облыста 599,6 млн дана жұмыртқа алынған. Былтырғыдан 4,9% аз. Одан кейін Алматы облысында көрсеткіш 24,6% азайып 590,4 млн дананы құраса, Қарағанды облысында 0,6% азайып 499,6 млн дана болды.
Жалпы, былтыр көрсеткіш 5 млрд болған еді. Алдыңғы жылдағыдан (5,5 млрд) 8,5% азайған.
Ал 2018 жылы өндіріс тіпті 5,6 млрд дана болған еді.
Биыл қыркүйекте 10 жұмыртқаның орташа бағасы 355 теңге, былтырғыдан 16,4% қымбат.
Өңірлер бойынша ең қымбат Алматы қаласы (486 теңге), Нұр-Сұлтан (432 теңге) және Түркістан облысы (405 теңге), ал ең арзаны Қарағанды облысында (262 теңге).
Ал қымбаттау қарқыны бойынша ең алда Алматы облысында баға 27% өсті. Сонымен қатар Жамбыл облысында (25,5%) және Алматы қаласында (21,6%). Ең аз қымбаттау Қызылорда облысында (2,9%).