Азық-түлік жыл басына бергі жылғы төрт айда 5,5%, азық-түлік емес тауарларға – 1,7%, ақылы қызметтерге 1,5% жоғарылады.

Жалпы, был басынан бері инфляция 3,2 пайыз болды.

Азық-түлік былтырдан бері 10,4% өсті.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады.

2020 жылғы сәүірде жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 349 теңгені (2019 жылғы сәүірде – 243 теңге), сұлы жармасына – 357 теңгені (334 теңге), сөкке – 372 теңгені (285 теңге), күрішке 373 теңгені (333 теңге) құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы сәүірде килограмына 213 теңгені, 2019 жылғы сәүірде 243 теңгені құрады.

2020 жылғы сәүірде сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1637 теңгені (2019 жылғы сәүірде – 1562 теңге), қаймаққа – 1136 теңгені (1050 теңге), айранға – 305 теңгені (285 теңге), пастерленген сүтке 260 теңгені (240 теңге) құрады.

2020 жылғы сәүірдегі азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар килограмм теңгемен

 Қазақстан Республикасы бойыншаБағаҚалада тіркелген
2019 жылғы сәүір2020 жылғы сәүірең төменең жоғарыең төмен бағаең жоғары баға
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан137150132178АлматыАтырау
Сиыр еті жауырын-төс бөлігі1 5751 8821 5572 169АқтөбеАлматы
Сүйегі бар қой еті1 5021 8141 4482 451ОралНұр-Сүлтан
Жылқы еті1 7892 1281 8152 486ТүркістанАлматы
Шошқа еті жауырын бөлігі1 3421 5091 2171 859ПавлодарАлматы
Шала ысталған шұжық2 0712 2021 4623 339ҚызылордаНұр-Сүлтан
Тауықтың сан еті753847757979АқтөбеНұр-Сүлтан
Мәйекті ірімшік2 6042 8652 2083 743АтырауНұр-Сүлтан
Тұздалмаған сары май2 1852 5152 0904 015ПавлодарАқтау
Күнбағыс майы, литр433434381484ҚарагандыАқтау
Жұмыртқа, ондық265298247364ПетропавлАлматы
Тұз52523758АқтөбеАлматы
Картоп8712483169ПетропавлАлматы
Ақ қауанды қырыққабат20012493150ҚарагандыАқтау
Басты пияз9910474145ТаразНұр-Сүлтан
Сәбіз10811585157ҚарагандыАқтау
Алма364474389655ТаразҚараганды
Банан521557483663АқтөбеАқтау

Ал, өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы төрт айда (2020 жылғы сәуір 2019 жылғы желтоқсанға) 12,5% төмендеді. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде 23,8% төмендеуі, олардың өңдеу өнеркәсібінде 0,7% жоғарылауі байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 14% арзандады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 2,3% қымбаттады.

Өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы мазутқа - 34,3%, мұнайға - 31,1%, бензинге - 10,1%, дизель отынына 6,8% төмендеді, металл кендеріне - 9,4%, табиғи газға - 9%, сұйытылған пропан және бутанға - 4,9%, көмірге 1,4% жоғарылады.

Бағаның мырышқа - 8,6%, қара металдар илегіне - 5,6%, мысқа - 4,1%, қорғасынға 3,5% төмендеуі, олардың асыл металдарға - 9,7%, алюминийге 5% жоғарылауы байқалды.

Өндірушілер бағасының жармаларға - 6,9%, мал етіне - 4,8%, құс етіне - 0,9%, бидай ұнына - 5,1%, қара бидай ұнына - 3,6%, шайға - 3,9%, сүт өнімдеріне - 3,3%, қантқа - 3,1%, күрішке - 2,9%, макарон өнімдеріне және өсімдік майына - 2,2%-дан, нанға 1,1% жоғарылауы тіркелді.