2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында республика бойынша зергерлік бұйым мен қымбат металл бұйымдары өндірісі 46,3% ұлғайып 794,6 млн теңгені құрады. Ал физикалық көлемі 61,5% артты.
Өңірлер бойынша Алматыда былтырғы осы уақыттағыдан 2,5 есе көбейіп 429,1 млн теңгеге жетті. Бұл елдегі жалпы көрсеткіштің 54%-ы.
Сонымен қатар көшбасшылар қатарында Қарағанды облысы (124,4 млн тг) мен Нұр-Сұлтан қаласы (105,7 млн тг).
Айта кетейік былтырғы өндіріс көлемі алдығы жылғыдан 9,6% азайып 825,6 млн теңге болңған еді.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Ақ жол депутаттары зергерлік бұйым өндірісінің 90 пайызы көлеңкелі бизнесте екенін айтқан еді.