Қазақстан "электронды үкіметтің" даму деңгейі рейтингінде Ресейден жоғары орналасқан.
Қыркүйекте ҚР Үкіметі мен "Ресей Сбербанкі" КАҚ цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімге қол қойғаны есімізде.
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "қазір біздің eGov миллиондаған ескі үйлер сияқты, оның орнына сапалы ондаған жаңа үй салғымыз келеді" деген еді.
Алайда, 2006-2016 жылдар аралығында "электронды үкіметті" құруға 46 млрд теңге жұмсалған еді. Сонымен қатар, ақпараттық жүйені сүйемелдеу үшін тағы 9 млрд теңге, оны жасауға 17,3 млрд теңге жұмсалған және бұл сома тұрақты өсіп келеді.
Біз қызығы, элекронды үкіметтік даму деңгейі бойынша Қазақстан тұрақты өсім көрсетіп келеді. Ал "Сбербанктің" 50% акциясын иеленетін Ресей үкіметі керісінше жылдан жылға төмендеп келеді. Қазірдің өзінде Қазақстан он орын көтеріліп, 29-шы орында болса, Ресей керісінше 4 орын төмен түсіп 36-орынға табан тіреді.
Осылайша электронды үкіметті жақсырақ жасай алатын Қазақстан өзінен әлсіз Ресейден көмек сұрап отыр. Ал егер Сбербанкті жеке кәсіпорын, мемлекетке қатысы жоқ десеңіз, біріншіден, оның 50% иесі Ресей үкіметі, екіншіден, егер мықты болса алдымен Ресей сол кәсіорын арқылы электронды үкіметтерін жақсартар еді ғой.
Сонымен қатар Қазақстанда электронды үкіметті дамытуға арналған бірқатар ірі мемлекеттік компания бар екенін естен шығармайық.
• Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзі;
• "Зерде" Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" АҚ;
• "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ;
• "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ;
Жалпы, электронды үкіметті дамытуға аз ақша бөлінбейді. 2021-2023 жылдар бюджетінде осы салаға 2021 жылы 79 млрд теңге, 2022 жылы 61,8 млрд теңге және 2023 жылы 42,5 млрд теңге қарастырылған.