Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,6%-ға ұлғайып, 2020 жылғы наурыздың соңында 14 305,5 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 436,6 млрд теңгеге дейін 5,9%-ға, жеке тұлғаларға – 6 868,9 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 816,1 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды.Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2,2%-ға, ал жеке тұлғаларға – 1,0%-ға ұлғайды.
Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 489,3 млрд теңгеге дейін 14,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 14,6%-ға, жеке тұлғаларға – 14,9%-ға ұлғайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы наурыздың соңында 82,6%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 12 222,0 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 083,5 млрд теңгеге дейін 6,9%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы наурызда 2 125,5 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 14,9%-ы) 3,9%-ға ұлғайды.
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,4%), сауда (12,4%), құрылыс (4,7%) және көлік (3,7%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,5%-ды (2019 жылғы наурызда – 12,0%), жеке тұлғаларға – 17,7% (17,8%) құрады.