Қазақстанда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы жарияланды.
Жобаға сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:
ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 693 теңге;
ең төменгі базалық зейнетақы – 38 622 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 74 919 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 55 173 теңге болады.
Зейнетақы төлемдерін 8,5% арттыру да қарастырылған.
Сонымен қатар, мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін жарна мөлшерін 2,2%-ға дейін көтеру ұсынылды.
Заң жобасы әлі қабылданған жоқ.