Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2025 жылғы 6-19 қараша аралығында Қазақстанға жасаған миссиясының қорытынды есебінде Қазақстан экономикасының «қызып кету» тәуекелдеріне назар аударды.
«Құрылымдық реформаларды іске асыруда тұрақты қиындықтар байқалды, өйткені мемлекеттің экономикадағы үлесі әлі де жоғары және ол жеке сектордың дамуын тежеп отыр. Тұрақты әрі жоғары өсу қарқынына қол жеткізу үшін экономиканы әртараптандыруға және жеке кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған күш-жігерді арттыру шешуші рөл атқарады», – делінген мәтінде.
Сарапшылардың болжамы бойынша, Қазақстанның ІЖӨ өсімі 2026 жылы 4,5%-ға дейін (инфляция 11% болған жағдайда), ал орта мерзімді перспективада 3,5%-ға дейін баяулайды.
ХВҚ өкілдері экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік қаржыландыру жобаларының салдарына қатысты екіұдай пікір барын атап өтті: Үкімет мемлекеттік қаржыландыру инфляцияның күшеюіне әкелмейді деп есептейді, ал Ұлттық банк керісінше, бұл шараларды ішкі сұраныстың артуы мен инфляциялық қысымның негізгі көзі деп атады.