Сарапшылар алдағы үш жылда ұлттық валютаның біртіндеп әлсірейтінін болжады, бірақ олардың болжамдары осыдан екі ай бұрынғыға қарағанда біршама оптимистік сипатқа ие. Нарық өкілдерінің пікірінше, доллар 580 теңге белгісіне 2028 жылға қарай жетеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі жүргізген макроэкономикалық сауалнамада айтылған.
Сарапшылар қауымдастығы қараша айындағы сауалнамамен салыстырғанда теңге бағамына қатысты болжамдарын нығайту жағына қарай өзгертті:
2026 жылы орташа бағам долларына 537 теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр (бұған дейін 548,2 теңге болады деп айтылған).
2027 жылы валюта бағамы 559,5 теңгеге дейін әлсірейді деп болжанды (бұрынғы болжам — 565 теңге).
2028 жылы америкалық валюта бағамы 580 теңге деңгейіне жетеді.
Осылайша, әлсіреу сақталғанына қарамастан, талдаушылар теңгені өткен жылдың соңындағы болжамдарға қарағанда нықтырақ болады деп есептейді.