Ұлттық экономика министрі А.М. Иргалиевтің тұрақты экономикалық өсу, өңірлер мен бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жобалар туралы айтты.
Брифингке Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев та қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәселен, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (2021 жылғы 12 қазандағы №728 ҚР өп) шеңберінде биржалық сауда бағыты бойынша ведомство сұйытылған мұнай газының, бензиннің, дизель отынының, реактивті қозғалтқыштар мен битумға арналған отынның, сондай-ақ көмірдің тауарлық биржалары арқылы өткізу үлесін арттыру бойынша бірден бірнеше міндеттерді жүзеге асырады.
Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу биржалық сауданы жетілдіруге және дамытуға бағытталған "Кейбір заңнамалық актілерге биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көзделген.
Бұдан бұрын айтылғандай, Заң жобасына сәйкес тауар биржалары негізгі үш бағыт бойынша дамитын болады:
- талаптарды ұлғайту және тауар биржалары қызметінің ашықтығын арттыру (жарғылық капиталды ұлғайту, тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін енгізу, тауар биржалары мен биржалық саудаға қатысушылардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптарды белгілеу, биржалық сауданың бірыңғай қағидаларын бекіту).
- биржалық сауданы дамыту үшін бәсекелестік орта мен жағдай жасау (брокерлер мен дилерлерді бірыңғай аккредиттеуді белгілеу, олардың бірнеше тауар биржаларына қатысуына тыйым салуды бір мезгілде алып тастау, клиенттердің делдалдарсыз бір реттік келушілер ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға қол жеткізуі, тауарлар мен сауда-саттықты секциялар бойынша бөлу).
- биржалық сауда көлемін ұлғайту (секция түріне және жасалған мәмілелер көлеміне қарай сараланған мөлшерлемелер белгілеу, биржада мәмілелерді жасасудың да, шарттардың орындалуының да сақтандыру құралын енгізу).
Әзірленген Заң жобасы 2025 жылға қарай биржалық сауда көлемін жылына 5,6 трлн. теңгеге дейін өсіруді болжайды (2020 жылы - 1,4 трлн. теңге) жалпы көтерме сауда көлеміндегі биржалық сауда үлесін 14%-ға дейін ұлғайту (2020 жылы - 3%).
Заңнамаға көрсетілген толықтыруларды енгізу биржалық сауданың қолжетімділігін жақсартуға және көлемін ұлғайтуға, жаңа, оның ішінде шетелдік әріптестерді тартуға, бәсекелес ортаны құруға, табиғи бағаларды белгілеуге, биржалық мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Осының бәрі бірге орнықты және бәсекеге қабілетті отандық биржалық саланы қалыптастырады.