2025 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалы саласында белсенділік жоғары болды.

Негізгі көрсеткіштер

Тасымалданған жолаушылар саны: 1,9 млрд адам (2024 жылмен салыстырғанда 12,5% өсті).

Жолаушылар айналымы 88,9 млрд ж-км құрады (7,4% ұлғайды).

Көлік түрлері бойынша динамика

Әуе көлігі арқылы 15,4 млн жолаушы тасымалданып (+4,8%), жолаушылар айналымы 30 млрд ж-км болды (+6%).

Автомобиль және қалалық электр көлігі арқылы жолаушылар тасымалы 12,8%-ға, ал жолаушылар айналымы 12,7% өсті.

Теміржол көлігі бойынша төмендеу байқалады. 19,4 млн жолаушы тасымалданды (6,7% аз), жолаушылар айналымы 15,8 млрд ж-км құрады (2,5% кеміді).

Ішкі су көлігі арқылы 0,25 млн (253 мың) жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдан 9,5% артық.

Жолаушылар айналымы бойынша көш бастап тұрған өңірлер: Алматы облысы (45,2%), Шымкент қаласы (32,4%) және Алматы қаласы (24,8%). Сондай-ақ Түркістан, Абай, Қарағанды және Қызылорда облыстарында да айтарлықтай өсім бар.