2025 жылы Қазақстан қор нарығы (KASE) индексі 26,05% өсті. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2 қаңтардағы 522 теңгеден 31 желтоқсанда 506 теңгеге дейін төмендегенін ескерсек, одан бөлек депозиттің биылғы пайызын есепке алсақ, KASE индексіне салынған инвестиция биыл ұтымды болды деп сенімді айта аламыз.

Соның ішінде KASE индексіне кіретін отандық он компания ішінде ЦентрКредит банкінің акциясы екі еседен артық өсті. ҚазМұнайГаз, Halyk Bank, Қазатомөнеркәсіп те айтарлықтай қымбаттаған. ҚазТрансОйл, Air Astana сәл өссе, KEGOC болмашы ғана көбейді.
Ал телекоммуникациядағы Қазақтелеком мен Kcell сәл арзандап кетсе, Kaspi жыл басынан бері тіпті жарты құнын жоғалтқан.
Қазақстан қор нарығына кірмейтін қос компания, атап айтқанда Freedom Holding Corp. сәл қымбаттаса, Forte Bank акциясы екі жарым есе бір-ақ қымбаттады.
Жалпы биыл алтын мен күмістің жылы болды. Әсіресе күміс құны екі жарым есе өсіп, рекордқа жетті. Ал мұнай биыл тұрақты құлдыраумен болды.