2025 жылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 25,1%, 3,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылғы желтоқсанда 3,0% өсім), ол негізінен сақтандыру қызметінен және бағалы қағаздарға инвестициядан түскен кірістердің өсуі нәтижесінде болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру секторының жай-күйі туралы есебінде айтылған. 

2026 жылғы 1 қаңтарда активтер құрылымында  ең көп үлес бағалы қағаздарға – 74,8% (2,9 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,7% (299,3 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешегіне – 4,1% (161,1 млрд теңге) тиесілі.  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2025 жылы 28,7%, 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылғы желтоқсанда 3,7% өсім). 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2025 жылы 16,7% немесе 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылғы желтоқсанда 1,4% өсім).

2025 жылы сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 245,6 млрд теңгені құрады (2025 жылғы желтоқсанда – 10,7 млрд теңге).

2025 жылы жасалған сақтандыру шарттарының саны 22,4 млн шартты құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2,4% аз. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2025 жылы 1,7 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылға қарағанда 12,5% көп. Өсім зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының 9,1%, 425,9 млрд теңгеге дейін, өмірді сақтандыру бойынша 16,1%, 229,3 млрд теңгеге дейін және мүліктік сақтандыру бойынша 31,0%, 302,7 млрд теңгеге дейін ұлғаюмен байланысты.

Міндетті сақтандыру бойынша 2025 жылы 271,8 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылар жиналды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8,0% көп (2025 жылғы желтоқсанда – 33,4 млрд теңге). 

Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныптары болып табылады, олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылы 846,4 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,2% көп (2025 жылғы желтоқсандағы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі – 107,2 млрд теңге).

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылы 576,4 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 25,8% көп (2025 жылғы желтоқсанда сақтандыру сыйлықақыларының көлемі – 84,9 млрд теңге).

Сақтандыру төлемдері 2025 жылы 461,4 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылға қарағанда 38,1% көп (2025 жылғы желтоқсанда  58,4 млрд теңге) Өсім, негізінен, мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің 40,9% ұлғаюына байланысты.

2025 жылы барлығы 1,7 млн төлем, 2025 жылғы желтоқсанда – 167,5 мың төлем жасалды.