Биылғы 1 қарашада елімізде 1,5 млн жеке кәсіпкер тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыдан 20,4% артық, деп хабарлайды ranking.kz.
Олардың 92,2%-ы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер: 1,4 млн субъект, жылдық өсім 25,6%. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары өсім.
Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматыда: 184,3 мың субъекті – бір жыл бұрынғыдан 53,8% артық. Үздік үштікке сондай-ақ Түркістан облысы (163,7 мың субъекті, 21,9% көбейген) және Астана (130,6 мың субъекті, 27,5% көбейген) кірді.
Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер ең аз өңірлер Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында.
Жұмыс істеп тұрған ЖК-ның үштен бірінен астамы сауда және автокөлік жөндеу саласында жұмыс істейді: 505,3 мың, былтырғыдан 40,6% көп. ЖК ең көп жұмыс істейтін салалар сонымен қатар ауыл, орман және балық шаруашылығы (245,2 мың, 0,9% көбейген) және жылжымайтын мүлікпен операциялар (72,5 мың, 11,6% көбейген).
Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ЖК саны айтарлықтай өсті, 2,6 есе өсскенімен, бар болғаны 98 ғана. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі (77,4% көбейіп 64,8 мыңға жетті) және білім беру (49,7% көбейіп 20,8 мыңға жетті) салаларында айтарлықтай көбейді.