Биыл қаңтар-ақпан айларында елімізде 438 қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,7% артық.
Анықтама үшін: былтырғы сәйкес кезеңде мұндай 435 қылмыс тіркеліп, көрсеткіш 8,5% өскен.
Барлық қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы мен Астанада тіркелді: әр қалада 51 іс, тиісінше 2% және 6,3% өскен.
Сонымен қатар Қостанай (бір жыл бұрын 21, биыл 40 іс) мен Түркістан (бір жыл бұрын 39, биыл 37 іс) облыстарында және Шымкент қаласында (бір жыл бұрын 23, биыл 36 іс) көп тіркелді.
Мұндай қылмыстардың ең азы Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында болды.
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 37,4%-ы пара беру: жыл басынан бері 164 іс тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 45,1% артық.
Одан кейін осы санатта ең көп жасалатын қылмыстар қатарында пара алу (141 іс, бір жылда 6,6% азайған), сыбайлас жемқорлық саласындағы алаяқтық (39 іс, 30% азайған), бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе талан-таражыға салу (24 іс, 42,9% азайған) және парақорлыққа делдалдық (22 іс, 4,4 есе көбейген).
Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған тұлғалардың саны 301-ге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 25,4% артық. Оның ішінде қылмыс жасаған 243 тұлға анықталып, соның 159-ы сотқа жіберілді.
Мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында ең көп сыбайлас жемқорлыққа баратындар ішкі істер органдарының қызметкерлері: былтыр 15 адам болса, биыл 43 адам. Одан кейін әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (26 адам), Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері (3 адам) және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері (3 адам), Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері (3 адам) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері (3 адам).