Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдағы KASE Global секторындағы акциялар сауда-саттығының нәтижелерін ұсынады.

Аталған кезеңде KASE Global секторында жалпы сомасы 26 025,7 млн теңгеге шетелдік компаниялардың 693 174 акциясымен 28 459 мәміле жасалды.

Көрсетілген кезеңдегі сауда-саттықтың ең көп көлемі келесі бағалы қағаздарға түсті:

  • Airbus – жалпы сомасы 10 422,2 млн теңгеге 133 мәміле;
  • Apple Inc. – жалпы сомасы 2 841,1 млн теңгеге 2 533 мәміле;
  • Intel Corporation – жалпы сомасы 1 576,4 млн теңгеге 2 775 мәміле.

Инвесторлардың негізгі санаттары арасында брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 39,8 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 30,9 %, сақтандыру ұйымдарының үлесіне – 4,4 %, жеке тұлғалардың үлесіне - акциялармен жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің 24,9 % тиесілі болды.

Қазіргі уақытта KASE Global секторына 50 шетелдік эмитенттің 52 бағалы қағазы енгізілген.