2022 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ХААЖ) арқылы жүрген ақшалай аударымдарың жиынтық көлемі 1,8 трлн теңгені құрады. 2021 жылмен салыстырғанда операциялардың 32,7% өскені байқалады.
Операциялардың негізгі үлесі Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі – 94,7%. 2022 жылы шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы іс жүзінде бірдей: тиісінше 415 мың теңге және 413 мың теңге болды.
Бұл ретте Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдары сомасы 2,4% біршама өсе түскен тұста ХААЖ арқылы басқа елдерден алынған ақшалай аударымдардың көлемі айтарлықтай (2,4 есе) өскені байқалады. 2022 жылы ХААЖ арқылы ақша аударымдарының көбеюі Ресейден (өсім 6,8 есе), Қырғызстаннан (өсім 2,8 есе) және АҚШ-тан (өсім 33%-ға) орындалған ақша аударымдары көлемінің өсуімен байланысты болды.
2022 жылы Қазақстандағы ақша аударымдары көлемінің де 34,6% өскені белгілі болды. ХААЖ арқылы бір ғана жергілікті ақша аударымының орташа сомасы 178,8 мың теңгені құрап, 2021 жылғы 58,0% көрсеткіштен асты.