2022 жылы әлемдік сауда көлемі 2021 жылғы 28,5 трлн доллармен салыстырғанда 10% өсіп, 32 трлн долларға жетті.
2022 жылғы көрсеткіштер рекордтық деңгейге жетті, бұл ішінара «жасыл» (экологиялық таза) тауарларды сатудың өсуіне байланысты. Олардың саудасы 2022 жылдың екінші жартысында шамамен 4% өсті. Бір жыл ішінде олардың жалпы құны 1,9 трлн долларды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд долларға артық. Осылайша, электрлі және гибридті автокөліктердің сатылымы төрттен бірге, пластиктен жасалған қаптамалар – бестен бірге, жел генераторлары – 10% өсті.
Басқа тауарлар саудасы 2022 жылдың үшінші тоқсанында төмендей бастады, төртінші тоқсанда 3% қысқарды. Олардың жалпы құны 25 трлн долларды құрады. Бұл ретте қызметтерге сұраныс өзгеріссіз қалып, жылды 7 трлн доллармен аяқтады.