2022 жылы Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 27,3% төмендеп, 307,3 млрд теңгені құрады.
Ал корпоративтік облигациялар саудасы 25,6% өсіп 2 488,8 млрд теңге болды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар саудасы 67,9% өсіп 6 004,3 млрд теңгені құрады.
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен сауда-саттық көлемі 76,8% құлдырап, 8,8 млрд теңгені құрады.
Жалпы 2022 жылы Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі нарықтың барлық секторларында 261,6 трлн теңгені (570,6 млрд АҚШ долларына тең) құрады және 2021 жылға қарағанда 50,0% өсті.