Astana International Exchange («AIX», «Биржа») AIX қызметінің 2022 жылғы нәтижелерін ұсынады.
2022 жылдың алғашқы күндерінен-ақ әлемдік нарық түрлі сын-қатерлер мен ұлғая түскен тәуекелдер түріндегі аласапыранға тап болды, бұл әрине, Қазақстан экономикасына да әсер етті. Алайда геосаясаттың шиеленісуіне және макроэкономикадағы белгісіздікке қарамастан, AIX елдің болашағын айқындайтын жобаларды енгізе, олардың іске асырылуына өз үлесін қоса отырып, тұрақтылықты сақтауды жалғастыруда. Бұл жобалар Жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, жергілікті бөлшек инвесторлар базасын дамыту және инвесторлардың артып келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін құралдар желісін кеңейту сияқты маңызды іс-шараларды қамтиды.
Жыл ішінде Қазақстанның инвестициялық ахуалына бірнеше факторлар теріс әсер етті және қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарының құнының төмендеуіне, сондай-ақ AIX-тегі сауда-саттық көлемінің төмендеуіне әкелді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторларды үкімет тұрақты инвестициялық ахуалды қамтамасыз етеді және инвесторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындайды деп сендірді. 2022 жылғы наурызда жекешелендіруді жандандыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арқылы елдің инвестициялық климатына оң өзгерістер енгізуге бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалар жарияланды.
2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша AIX қызметінің нәтижелері:
- 2022 жылғы желтоқсандағы сауда-саттықтың айлық көлемі «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай компаниясының IPO-сының арқасында айтарлықтай өсіп, $35,4 млн-ға жетті, бұл 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда екі жарым есе көп. 2022 жылы сауда-саттық көлемі $173 млн құрады.
- AIX ресми тізіміне 85 түрлі эмитенттің 129 бағалы қағаз шығарылымы, соның ішінде 19 биржалық нота (ETN) кірді.
- Тартылған борыштық капиталдың жалпы көлемі шамамен $2,39 млрд, тартылған үлестік капиталдың көлемі $348,9 млн құрады.
- Қазақстан, Ресей, Қытай және еуропалық елдердің брокерлерін қоса алғанда, сауда мүшелерінің саны 30-ғе жетті.
- AIX Орталық депозитарийінде (AIX CSD) 500 мыңнан астам шот ашылды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК IPO-сы
Қазақстанның вертикальды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының жай акцияларының сауда-саттығы AIX-те 2022 жылғы 8 желтоқсанда басталды.
Орналастырудың 96%-ға жуығы қазақстандық бөлшек және институционалдық инвесторларға тиесілі болды. Тabys мобильдік қосымшасы және «Қазпошта» АҚ филиалдық желісі арқылы тікелей жазылу арқылы бөлшек инвесторлардың қатысуы зор жетістік болды – олардан 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 000-ға жуық өтінім келіп түсті. IPO аясында мобильді қосымша арқылы бөлшек инвесторлардан тікелей сатушы акционерге сатып алуға өтінім беру құралы Қазақстанның қор нарығының тарихында алғаш рет пайдаланылды.
ҚМГ акциялары 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап AIX Qazaq Index-ке енгізілді, өйткені олар барлық қажетті өлшемшарттарға сәйкес келді және IPO сәтінен бастап жоғары өтімділікті көрсетті.
2022 жылғы AIX-тегі ірі орналастырулар:
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) еншілес ұйымы «Халық Банк Грузия» АҚ-ның жылына 4% бекітілген купонмен және 2025 жылы өтеу датасымен номиналды көлемі $15 млн құрайтын 3 жылдық дебюттік облигациялары. Бұл шығарылым AIX-те тіркелген $45 млн облигациялық бағдарлама шеңберіндегі алғашқы транш саналады.
- Биржалық ноталар (ETNs)
- Базалық актив ретінде iShares MSCI China A ETF («CNYA») акциялары бар iX China Equities BR-дың юаньдағы алғашқы биржалық ноталары. CNYA – Қытайдағы қор нарығының көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ең ірі биржалық инвестициялық қорлардың бірі
- шариғат нормаларына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын ірі ислам қорларының бірі iShares MSCI World Islamic UCITS ETF («ISDW») базалық активі саналатын iX Islamic Exchange Traded Notes.
- базалық актив ретінде Vanguard Real Estate ETF («VNQ») акциялары бар iX US Real Estate Exchange Traded Notes. VNQ биржалық қорының АҚШ, Канада, Еуропа және Азияда жылжымайтын мүлікке иелік ететін 160-тан астам компанияда үлесі бар, сондай-ақ ірі, орта және шағын капиталдандырылған жылжымайтын мүлік инвестициялық қорларын (REITs) қамтиды.
- купон төлемі 20% және өтеу мерзімі 2023 жылға белгіленген сомасы 6 млрд теңге құраған NEF Qazaqstan дебюттік облигациялары AIX ресми тізіміне енгізілді. Nef Qazaqstan облигациялары бойынша төлем міндеттемелеріне жаһандық өсу стратегиясы бар Түркияның ірі девелоперлерінің бірі кепілдік береді.
Бөлшек инвесторлар
2022 жыл бойы біз AIX Орталық депозитарийінде шоттарын ашқан бөлшек инвесторлар санының күрт өсуін байқадық. Инвесторлар шоттарының саны 2021 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсіп, 505 мыңға жетті. Оның ішінде 50 мыңнан астам шот ҚМГ IPO-сы қарсаңында ашылды.
2022 жылдың желтоқсан айының соңында Tabys мобильді қосымшасы арқылы инвестиция көлемі 2021 жылдың желтоқсан айының соңындағы $2,7 млн-мен салыстырғанда $3 млн-нан асты, ал соңғы 12 айдағы сауда-саттық көлемі 2021 жылғы $4,7 млн-мен салыстырғанда $3,5 млн құрады. Tabys қосымшасындағы белсенді инвесторлардың жалпы саны 11 мыңға жетті.