Америкалық Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филипп Дибвиг 2022 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығын алды, деп хабарлайды Швеция Корольдік ғылым академиясы.
Ғалымдар «банк және қаржылық дағдарыстар туралы зерттеулері үшін» марапатталып отыр.
«Биылғы лауреаттар банктердің экономикадағы, әсіресе қаржылық дағдарыстардағы рөлі туралы түсінігімізді айтарлықтай жақсартты. Олардың зерттеуі не себепті банктерді дағдарысқа ұшыратпау керектігін көрсетті», - делінген ресми мәлімдемеде.
Банктер туралы заманауи зерттеулер — дағдарыс кезінде банктерді барынша төтеп бере алатындай ету және банктердің әлсіреуі қаржылық дағдарысты қалай күшейтенін Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филипп Дибвиг еңбектері зерттеді. Олар бұл зерттеудің негізін 1980 жылдардың басында қалаған. Оларды талдау қаржы нарықтарын реттеуде және қаржылық дағдарыстарды еңсеруде үлкен практикалық маңызы болды.
Сыйлықтың ақшалай сыйақысы 2022 жылы 10 миллион швед кроны (шамамен 900 мың доллар) құрайды.
Бұл сома жеңімпаздар арасында бөлінеді. Экономика саласындағы сыйлықтың ресми атауы - Швеция банкінің экономика саласындағы Альфред Нобель мемориалдық сыйлығы. Бұл Нобельдің өсиетінде көрсетілмеген, оны 1968 жылы Швеция банкі құрған, сондықтан ол Нобель мұрасынан берілмейді. Сыйлықтың ақшалай бөлігін банк төлейді.