2021 жылы ҚазТрансОйлдың таза табысы азайды

Бұл туралы қор биржасы хабарлады. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 238 млрд 176,1 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 1,26% жоғары.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 50 млрд 607 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың нәтижесінен 9,6% төмен.

Сонымен бірге, 2021 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 214 млрд 832,9 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы ұқсас көрсеткіштен 0,3% төмен.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 38 млрд 512,4 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 15,6% төмен.

Сонымен қатар, кеше компанияның басшылық құрамының өзгергені де хабарланған еді.

Мендыбаев Е. тасымалдау жөніндегі бас директордың орынбасары (2022 жылдың 04 наурызындағы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату) шығарылып, орнына Сагиев Э.Б. тасымалдау жөніндегі бас директордың орынбасары (2022 жылдың 05 наурызындағы Басқарма мүшесі болып сайланды) болып сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "КазТрансОйл" АҚ Басқармасы алты адамнан тұрады: Курманбаев Т.Н., Арынов С.А., Сагиев Э.Б., Махин Ж.Т., Исаков Ж.А., Майкенов А.С.