2021 жылы ең көп сұранысқа ие болған мамандықтар мен салалар

2021 жылы Қазақстандағы жұмыс берушілер 350 мыңнан астам вакансия жарияады, бұл былтырғыдан 59% көп. 

HeadHunter компаниясы 2021 жылғы ең көп сұранысқа ие салалар мен мамандықтардың рейтингін жасады. 

2021 жылы Қазақстанның жұмыс берушілері 350 мыңнан астам вакансия жариялады. Бұл былтырғыдан 59% көп. 

Ең көп жұмыскер іздеген салалар кәсіби сату саласы (85 мыңнан астам вакансия), бухгалтерия, есеп және қаржы (35 мыңнан астам), әкімшілік персонал (30 мың). Ары қарай ақпараттық технология, құрылыс және жылжымайтын мүлік. 

Жекелеген мамандықтарға келер болсақ, көш басында сатушы, бухгалтер және клинеттермен жұмыс істейтін менеджер. Сонымен қатар сату менеджерлері, құрылысшылар мен көтерме сауда өкілдеріне деген сұраныс жақсы болды.