2021 жылы Агенттік қаржы ұйымдарының, микроқаржылық ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 21 881 өтінішін қарады, бұл 2020 жылға қарағанда 45,6%-ға көп. 2021 жылғы желтоқсанда 4 828 өтініш қаралды, бұл 2021 жылғы қарашамен салыстырғанда 2,2 есе көп.
2021 жылғы желтоқсандағы өтініштердің негізгі мәселелері қарыздарды өтеудегі қиындықтар және борыш жүктемесін азайтуға жәрдем көрсету, сондай-ақ әлеуметтік желілерде дәйексіз мәліметтер таратылған «кредиттік рақымшылық» бойынша болды.
Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілері өтініштерінің негізгі үлесі 2021 жылы есепті кезеңде өтініштердің жалпы санының 72,5%-ын құраған банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) тиесілі болды.
Қаржы нарығының қалған секторлары бойынша үлестер былайша бөлінді: микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша – өтініштердің жалпы санының 8,0%-ы, сақтандыру нарығының субъектілері бойынша – 2,6%-ы және өзге де ұйымдар бойынша - өтініштердің жалпы санының 16,9%-ы.
2021 жылы екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың әрекеттерінде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары бойынша Агенттік 97 ұсынымдық қадағалап ден қою шараларын, 77 жазбаша ұйғарым, 2 жазбаша ескертуді және жалпы сомасы 64,0 млн теңгеге 157 әкімшілік жаза қолданды.
2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігі шеңберінде банктер 01.01.2022 жылға 192,1 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 29 820 өтінімді мақұлдады, 181,5 млрд теңге сомаға 28 847 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 23 млрд теңге сомаға 2 197 қарыз қайта қаржыландырылды.
Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды жүргізді.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансындағы жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.