Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,2%-ға азайып, 2020 жылғы желтоқсанның соңында 14 623,1 млрд теңге болды (жыл басынан бері 5,5%-ға өсу). Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 097,0 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға – 7 526,1 млрд теңгеге дейін 2,3%-ға ұлғайды.
Естеріңізге сала кетейік, банктердің берген несие көлемі 2019 жылғы желтоқсанның соңында 13 863,8 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 202,5 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 6 661,3 млрд теңге болған.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі бір айда 12 726,6 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға артты. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,5%-ға ұлғайды. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 896,4 млрд теңгеге дейін 8,3%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 7,9%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 26,7%-ға азайды. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2020 жылы желтоқсанның соңында 87,0% (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%) болды.
Бір айда ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі 12 494,4 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 2 128,7 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы желтоқсанда 2 515,3 млрд теңгеге дейін 9,1%-ға ұлғайды (экономикаға берілетін кредиттердің жалпы көлемінен 17,2%).
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға беретін кредиттерінің анағұрлым қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,6%), сауда (11,7%), құрылыс (4,5%) және көлік (3,3%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,4% (2019 жылғы желтоқсанда – 12,1%), жеке тұлғаларға – 14,9% (16,8%) болды.